«Арулар аз болды ма атқа қонған ...»
Қазан айының тоғызыншы жұлдызында 8-11 сыныптар аралығында«Арулар аз болды ма атқа қонған ...»тақырыбындатарихи-поэтикалық кеш болып өтті.
Қазақ даласында әлемді таңдандырған абзал аналар мен үкілі қыздар аз болған жоқ. Қазақ қыздарының ерлігі әйгілі Кирдың басын алып, патшалық құрған Тұмар ханымнан басталып, сол ерлік жолын 1986 жылы қазақ елінің тәуелсіздігінің жолында жанын қиған Сәбира мен Ләззаттар жалғастырады.
Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,
Арулар аз болды ма атқа қонған? - деген өлең жолдары дәл осы қазақ қыздарына арналғаны анық.
Сан ғасырлық тарихымызда ел бірлігі үшін басын бәйгеге тігіп, жерін қорғау үшін атқа қонған, бір ауыз сөзбен билік айтқан дана, батыр және шешен ару, аналарымыз аз емес . Ханға әдiлдiгiн айтқан Қарашаштан бастап, ел тұтқасы болған Айғаным мен Фатима ханшалар, жауға қарсы шапқан ержүрек Гауһар мен Бопай сияқты батыр жарлар, сондай-ақ есiмдерi тұтас жұрттың тәрбиесі бесiгiне айналған басқа да аналардың рухани тұғыры уақыт өткен сайын асқақтай беретінін атап өту керек.
Кеште тарихта аты қалған ардақты аналарымыз бен батыр аруларымыздың өмірінен көптеген қызықты мәліметтер берілді.

