09
апрель
2022
"Жеті ата - отбасылық шежіре" ашық тәрбие сағаты
Ә.Сағынтаев атындағы орта мектебінде 8 сәуір күні К.Асанкулованың ұйымдастыруымен 2 ә сыныбында "Жеті ата -отбасылық шежіре" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Сабақтың мақсаты: ұлттық қасиетімізді оқушылар бойына қалыптастыру, ізгілік негіздерін бойларына дамыту. Сабақ жылулық шеңберімен басталды. "Ой қозғау" әдісі арқылы сабақ тақырыбын анықтап, мақсатын талқылады. Сабақ барысында оқушылар 3 топқа бірігіп тақырыпқа байланысты тапсырмаларды орындады, өлеңдерді жатқа оқыды. Ата мен немере" тақырыбында жеті ата, жеті ұрпақ, шежіре туралы дайындаған көрініс сәтті шықты. Оқушылар жеті аталарын жазып, шежіре ағашына ілді. Сабақты "Жеті атаны жаттайық" әнімен қорытты. Сабақ соңында оқушылар сабақтан алған әсерін, үйренгенін және тілектерін "Тілек шамына" іліп кері байланыс берді. Сабақ "өте жақсы" деп бағаланды.






