03
сентябрь
2019
Джуманкулова Нурбала Касымбековна
Джуманкулова Нурбала Касымбековна Қазақстан Республикасының азаматшасы, 28 қазан 1979 жылы Талас ауданы Майтөбе ауылында дүниеге келген. 1996 жылы Тараз қаласындағы М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің физика-математика кафедрасының физика оқытушысы мамандығына түсіп, 2000 жылы «физика оқытушысы» мамандығын алған.. ТарМУ бітіргеннен кейін 2000 жылы Үшарал ауылындағы Ә.Сағынтаев атындағы орта мектептің физика пәнінің мұғалімі болып қызметін бастаған. 2018-2019 оқу жылынан бастап директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары лауазымы бойынша қызмет атқарды. 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап директордың оқу ісі-жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.