Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
"Әбдір Сағынтаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8(7264) 43-43-17
Директордың телефоны:
8 (705) 914-52-29
Нашар көрушілір
нұсқасы
25
сентябрь
2017

Мектеп тарихы

1928жылы Әулиеата уездік атқару комитеті Жүнісбек Дүрімбетовтің төрағалығымен төменгі Талас бойындағы Үшарал жерін қоныстанған Ошақты болысында бастауыш мектеп ашу туралы қабылданған шешім бойынша алғашқы мектеп қазіргі Әбілда би ауылы- №1 фермадағы Топиев Есімнің киіз үйінде ашылады. Мектепке қажетті жабдықтар Әулиеатадан арнайы түйемен жеткізілген.

 1930жылы «Талас» кеңшарының құрылуы кезінде мектеп Әбілда ишан мешітіне көшіріледі. Сол кездегі мектептің Сүлей Есімов, Шәді Әзілбеков, Ж.Наурызбеков, Т.Байбатыровтардай алғашқы мұғалімдерін көзкөргендер әлі күнге құрметпен еске алады.

 1938-39 оқу жылында кеңейтіле құрылған Үшарал жеті жылдық мектебі арнайы мамандығы бар мұғалімдермен толықтырылады. Есімі ел аузында жатталып, өлке тарихына алтын әріппен жазылған Социолистік Еңбек Ері Әбдір Сағынтаев пен Кеңес Одағының батыры Сәду Шәкіров осы жетіжылдық мектептің алғашқы түлектері.

 1950-51 оқу жылы он жылдық білім беретін мектепке айналдырылып, Үшарал орта мектебі болып қайта құрылған білім ошағын алғашқы болып Ештайбек Исімбаев, Ыбырахым Быхыбаев, Жақсыбек Тойшыманов секілді түлектер тәмамдайды.

 1957 жылдан 1985 жылға дейін Үшарал ауылындағы «Талас» асыл тұқымды мал зауытын басқарған Әбдір Сағынтаевтың тікелей ықпалымен салынған үш қабатты зәулім ғимарат қазіргі таңдағы біздің қолданысымыздағы іргелі шаңырақ. 1170 оқушыға арналған бұл типтік мектеп 1981жылдың қаңтарында пайдалануға берілген.

 Еліміз тәуелсіздігін алып, егемендікке бет бұрған шақта еңсесін тіктеген алтын ұямыз 2000жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №13-26 қаулысымен Әбдір Сағынтаев атындағы орта мектебі атанды. Тағылымға толы білім ордасында ұзақ жылдар басқарған Жанқабаев, Көбесов Ауданбек, Ғадиля Қамбарова, Кеңесбек Төрегелдиев, Ермек Жүнісбекұлы Дүрімбетовтен бастап, Әбуғали Алиев, Бөлекбай Сауытов, Ділдәкүл Қабылбекова, Аман Қылышбеков, Алматай Төлтаев, Кәдірбек Тойшыманов, Көпбосын Меңлібаев, Айбол Жаңбырбеков, Сәкен Сатбаев сынды білікті директорлар мен білімді ұстаздардың қайталанбас қолтаңбасы жатыр. Ал солардың қолдарынан дәріс алып, өмір биігіне көтеріліп, абырой мен ар-ождан асуын бағындырып, елінің сенімі мен жұртының тілеулі шыңына шыға білген озық ойлы өрендері мен шарапатты шәкірттері қаншама!

 Олардың ішінен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Парламент мәжілісінің вице-спикері Гүлмира Исімбаева, мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелдиев, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Департамент басшысы Нұрлан Қамбатыров, ғалымдар Құралбек Құлажанов, Тұяқбай Рысбеков, Қуаныш Қаражанов, Тұрар Көкеев, Сейсенбек Тайменов, Бекмахан Құралбеков, Зауытбек Құралбаев, Еркін Дүрімбетов, Әзімхан Ибраимов, Бақыт Жүсіповалар, қарымды қалам иелері Өкім Жайлауов, Күләш Ахметова, Сейітқазы Досымов, Серік Әбдірайымов, Әбдірахман Асылбеков, Жаңабек Шағатаев, Үміт Битенова, Раушан Мырзахметова, Шырынбек Қойлыбаев, Жұлдыз Бейсековалар және өнер мен спорт саласының шеберлері Аманғали Сыпабеков, Дәулетхан Жақыптардың есімдері ерекше орын алады. 

 Қасиетті білім ұясынан шыққан көптеген зиялы азаматтар, аты танымал ақындар, ғалымдар, жазушылар, қоғам қайраткерлері- біздің мақтанышымыз. 

Похожие публикации:

25 сентябрь 2017 Әдістемелік кеңес
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите два слова, показанных на изображении:*