ІІІ Республикалық "Дарабоз" байқауы
16 қараша күні Талас ауданы Қаратау қаласында Атадан мұра қорының ұйымдастыруымен ІІІ Республикалық "Дарабоз" байқауы өтті. 16 қараша күні Талас ауданы Қаратау қаласында Атадан мұра қорының ұйымдастыруымен ІІІ Республикалық "Дарабоз" байқауы өтті. Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" және "Мәңгілік ел" идеясын қолдау және жасөспірімдер мен жастар арасында насихаттау өнерлі балалардың жұлдызын жағу мақсатында өткен бұл байқауға Әбдір Сағынтаев атындағы орта мектебінен 34 оқушы қатысып қайтты. "Көркем сөз" жанры бойынша 21 оқушының 5- еуі Бас жүлде " және суперфиналға жолдама алды. 10 оқушы І орынмен 6 оқушы ІІ орынмен марапатталып, суперфиналға 50% жеңілдікпен жолдама алды. Хореграфия жанры бойынша 20 оқушы қатысты. 1оқушы І орын 1 оқушы ІІ орын иеленді. "Ақындық өнер" жанры бойынша қатысқан І орын иеленді. " Бейнелеу өнер " жанр бойынша 2 оқушы ІІ, ІІІ орындармен марапатталды. "Қолөнер" жанры 6 оқушы қатысып 1 оқушы 1 орын 5 оқушы ІІ орын иеленді. "Эстрадалық вакал" жанры бойынша 3 оқушы ІІ ІІІ орындарды иеленді. Байқауға 34 оқушы ұйымдастырып қатыстырғаны үшін мектеп директоры Ерғали Тилеубердиев "Үздік директор" төс белгісімен және куәлігімен марапатталды. "Қолөнер" жанры бойынша оқушыларды дайындап және жоғарғы көрсеткені үшін Жолдасбекова Гаухартас "Үздік ұстаз" төсбелгісімен, куәлігімен марапатталды. Байқауға үздік шәкірттерді дайындаған Ә. Қауымбаева, С. Саркулжаева, Д. Кулбаева, Г. Байтокова, А Иманбекова, К. Миркадирова, Г. Ибраймова, А. Асанкулова, Г. Жолдасбекова, Қ. Жұматай, Г. Құрманбекова, Р. Ибраймова, Л. Мақұлбекова, Г. Дүйсенбиева сынды ұстаздар Алғыс хатпен марапатталды.



