«Әжем, анам және біз»
«Әжем, анам және біз»
Әже – немере-шөбере сүйіп, олардың бал күлкісіне, шаттығына кенеліп отырған жан болып табылады. Халқымыз – дүниеге ұрпақ әкеліп, бала тәрбиелеп, ұлын ұяға, қызын қияға қанаттандырған асыл ананың өмірлік тәжірибесі де мол әрі ағайын-туыстың бірлігін, бір-біріне деген қамқорлығын сақтаушы ретінде оларға құрметпен қараған.
19 наурыз күні Ә.Сағынтаев атындағы мектебінде Наурыз мерекесіне орай «Әжем, анам және біз» тақырыбында К.Асанкулованың ұйымдастыруымен отбасылық сайыс ұйымдастырылды.
Бұл сайысқа қатысушылар
1 «Сәлем –сөздің анасы» Қатысушылар өзін, отбасы туралы таныстырып өтті
2. «Қолөнер сайысы және оны қорғау» Бұл бөлімде әжелеріміз ұршық иіруден ,кішкентай қыздарымыз кесте тоқудан сынға түсті
3. «Өнер сайысы» Бұл бөлімде сайыскерлер өз өнерлерін көрсетті
4. Бұл бөлімде аналарымыз шекемтас ойнаудан , балаларымыз асық атудан сынға түсті
5. «Ата дәстүрі –отбасы тәрбиесінде» Сайыскерлер салт –дәстүрге байланысты көріністер көрсетті.
Нәтижесінде сайысқа қатысушыларға әр түрлі номинациялар бойынша алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді
