Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
"Әбдір Сағынтаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8(7264) 43-43-17
Директордың телефоны:
8 (705) 914-52-29
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » Ә.Сағынтаев атындағы орта мектеп Қамқоршылық кеңес отырысы Хаттама №2
08
ноябрь
2018

Ә.Сағынтаев атындағы орта мектеп Қамқоршылық кеңес отырысы Хаттама №2

Үшарал  ауылы                                                                                17.10.2018 ж

Қатысқаны: 13 

 

Күн тәртібінде:

<!-1 Қамқоршылық кеңес алдындағы мектеп директорының есебі.

<!-2 Ыстық тамақтың ұйымдастырылуы.

<!-3 «Мектепке жол» акциясының қорытындысы.

Тыңдалды:

    Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры С.Сатбаев өз есебінде мамыр айынан бергі мектепте атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Онда кеңес мүшелерінің міндеттері, құзыреттілігі туралы, 2017-2018 оқу жылының аяқталуы, жазғы жөндеу жұмыстары , жаңа оқу жылының басталуы, атқарылып жатқан іс-шаралар, сондай-ақ мектепке және аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына көрсетілген көмек туралы баяндады. Яғни 20,40 жылдықтар 2 –ші және 3-ші этаж дәліздеріне тегіс жальюз, 30 жылдықтар  сағат және спорттық ойын құралдарын Бекжан Асанқұловтың АКТ залына 300 000 теңгеге 80 орындық әкеліп демеушілік жасағанын, «Мектепке жол» акциясы кезінде аз қамтамасыз етілген оқушыларға қолдау көрсетілгенін айта келе, сөзін алдағы оқу жылында атқарылатын міндеттермен аяқтады.

      Екінші мәселе бойынша әлеуметтік педагог Р.Ибраимова  ҚР-ның  2007 жылғы 27 шілдедегі  (№319 б)«Білім туралы» Заңының 43-бабы 3-тармағы 11 тармақшасын және 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №650 бұйрығының 6-қосымшасын басшылыққа алып, 2018-2019 оқу жылындағы мектеп директорының ыстық тамақты ұйымдастыру туралы бұйрығымен мектеп асханасынан 70 оқушы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылып жатқанын, комиссия мүшелері тамақтану сапасын бақылап отыратынын, ыстық тамақ ішетін оқушылардың құжаттары жинақталғандығын баяндады.

    Үшінші мәселе бойынша әлеуметтік педагог Р.Ибраимова Г.Жолдасбекованың ұымдастыруымен өткізілген «Мектепке жол» акциясының қорытындысына тоқталды. Онда 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өткенін, аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсету мақсатында кәсіпкерлермен үгіт-насихат жұмыстары жүргізілгенін, мектеп мұғалімдерінің демеушілігімен биылғы келетін 1-сынып оқушыларына (30 балаға) мемлекеттік жазу дәптерлері берілгенін, Ә.Сағынтаевтар әулетінің аз қамтылған және жартылай жетім 17 балаға мектеп формасы мен сумка,оқу құралдарын 1 қыркүйек күні табыс еткенін айтты.

Жарыс сөздер:

       1-мәселе бойынша кеңес төрағасы С.Тілеубердиев өз сөзінде мектеп директорының іскерлігінің арқасында қысқа мерзімнің ішінде аз жұмыс істелмегенін, мұндай істерге атсалысу қамқоршылық кеңес мүшелерінің міндеті екенін, алдағы уақытта жоспарланып отырған АКТ залын жөндеу жұмыстарына қолдау көрсету керектігін, қамқоршылық кеңес алдындағы мектеп директорының есебін «қанағаттанарлық» деп бағалайтынын айта келе, қамқоршылық кеңес отырысын тоқсан сайын өткізуге ұсыныс білдірді.

       2-мәселе бойынша ата-аналар комитетінің төрайымы, кеңес мүшесі Л.Ахметова мектеп асханасының таза, талапқа сай екендігін, ыстық тамақтың сапалы беріліп жатқанын айтты.

       3-мәселе бойынша ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы Қ.Жүсіпов мектеп мұғалімдерінің қайырымдылық қорына өз үлестерін қосқаны-бұл игі іс екендігін айтып, ризашылығын білдірді.

Шешім:

<!--1. Қамқоршылық кеңес алдындағы мектеп директорының есебі «қанағаттанарлық» деп танылсын.

<!--2. Ыстық тамақтың ұйымдастырылуы өз дәрежесінде жүргізіліп отырсын.

<!--3. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының қорытындысы «қанағаттанарлық» деп танылсын.

 

 

 

  

Жиналыс төрағасы                           С.Тілеубердиев

                  Хатшы                           Р.Ибраимова

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите два слова, показанных на изображении:*