28
сентябрь
2022
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының мектепішілік Ұланбасы сайлауы
Әбдір Сағынтаев атындағы орта мектебінде 2022-2023 оқу жылына «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының мектепішілік Ұланбасын сайлауы өткізілді. Мектеп Ұланбасына үміткерлер тізімі анықталып, 4 үміткер өздерінің сайлау алды науқанындағы бағдарламаларын ұсынды. Сайлауға мектеп мұғалімдері мен 5-11 сынып оқушылары қатысты.Сайлау нәтижесі бойынша 10 сынып оқушысы Садықбек Нұрбек – 77 дауыс, 9 сынып оқушысы Жексенбек Қадыржан – 23 дауыс, 8 «А» сынып оқушысы Әуесбек Аружан – 9 дауыс, 8 «Ә» сынып оқушысы Серік Мерей– 40 дауыс жинады. Ең көп дауыс жинаған 10 сынып оқушысы Садықбек Нұрбек Ұланбасы болып сайланды.