16
апрель
2022
"Асанбай Асқаров : өмір жолы мен ерен еңбегі" тақырыбындағы сынып сағаттары
Ә. Сағынтаев атындағы орта мектебінде Асанбай Асқаровтың 100 жылдығына орай "Асанбай Асқаров: өмір жолы мен ерен еңбегі" тақырыбында сынып сағаттары мен 7 ә сыныбында "Алып тұлға- Асанбай Асқаров" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты: А.Асқаровтың өмірі мен қоғамға жасаған еңбектері және әдеби шығармаларымен таныстыру. Елжандылыққа , халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу. Сабақ барысында ұстаздар А.Асқаровтың суреттерін, кітаптарын, видеороликтер пайдаланды. Күллі ТМД елдеріне белгілі көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, ғалым А. Асқаровтың жүріп өткен жолы, өмірден көргені мен көңілге түйгені, жасаған істері, алған марапаттары туралы айтылды. Әдебиет әлемінде із қалдырған дара тұлғаның өлеңдерін оқушылар жатқа оқыды. Сабақ соңында оқушылар халқына адал ұлы тұлғалардан үлгі- өнеге аламыз ,- деп өз ой- пікірлерін ортаға салды








