Жалпыхалықтық диктант
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы
№ 637 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2018 жылғы 13 наурыздағы № 27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына»сәйкес республика бойынша жалпыхалықтық диктант (бұдан әрі – Диктант) өткізілді.
Мақсаты: латын негізді қазақ тілі әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу, өзін-өзі бағалау, бейімделу.
Міндеттері: Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру,латыннегізді қазақ тілі әліпбиін меңгеру, тілді меңгеруге деген қызығушылықты арттыру.
Шарты: Диктантқа 15 жастан жоғары барлық азаматтар қатыса алады.
Белгіленген орынға келіп қатысушылар өздерімен қаламсаптарын алып келеді. Диктант арнайы әзірленген парақта жазылады.