23
апрель
2020
Гүлмира Истайбекқызы Исимбаева
Гүлмира Истайбекқызы Исимбаева 1957 жылы 23 тамызда туған. Педагогикалық және заңгер білімі бар. Орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі мамандығы бойынша Жамбыл педагогикалық институтының филология факультетін, сондай-ақ заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дің заң факультетін бітірген. Еңбек жолын мұғалім, орта мектеп директорының орынбасары болып бастаған. 1990 жылғы сәуір – 1993 жылғы желтоқсан аралығында - он екінші сайланымдағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан Республикасының он екінші сайланымдағы Жоғарғы Кеңесінің Ғылымды және халықтың білім алуын дамыту мәселелері жөніндегі комитетінің хатшысы, комитет төрағасының орынбасары болған. 1993 жылғы желтоқсан – 2007 жылғы тамыз аралығында - Алматы қаласы Білім департаментінің директоры қызметін атқарған. 2007 жылғы тамыз – 2011 жылғы қараша аралығында – ІV сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі. 2012 жылғы қаңтар - 2016 жылғы қаңтар аралығында - V сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі. 2016 жылғы 24 наурыздан бастап - VІ сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжіліс Төрағасының орынбасары. «Nur Otan» партиясының Мәжілістегі Фракциясы жетекшісінің бірінші орынбасары. «Nur Otan» партиясының мүшесі, партиялық тізімі бойынша сайланған. 12 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша 1 сыныпқа арналған «Букварь» оқулығының авторы. «Парасат»,«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған, төсбелгі ұсыныла отырып Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен, Ы. Алтынсарин төсбелгісімен, «М.В. Ломоносов атындағы сыйлықтың лауреаты» медалімен, А.С. Пушкин медалімен, грамоталармен, Алматы қаласы Әкімінің алғыс хатымен марапатталған. Отбасын құрған, ұл баланы тәрбиелеп отыр.
