Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
"Әбдір Сағынтаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8(7264) 43-43-17
Директордың телефоны:
8 (705) 914-52-29
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы
23
апрель
2020

Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы

Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы 1963 жылы 13 қазанда Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірді, экономика ғылымының кандидаты. Еңбек жолын Алма-Ата халық шаруашылығы институтының саяси экономика кафедрасының оқытушысы болып бастады. 

1988-1992 жылдар аралығында С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде жұмыс істеді, ассистент лауазымынан әлеуметтану кафедрасының доцентіне дейінгі жолдан өтті.
 1992 жылдан 1998 жылға дейін кәсіпкерлік қызметпен айналысты. 1998 жылы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 1999 жылдан 2002 жылға дейін Қазақстан Республикасының Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ басқармасының төрағасы, Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымдарында қызмет етті. 2002 жылдан 2004 жылға дейін Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. 2004 жылдан 2007 жылға дейін – Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы болды. 2007 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болды. 2008 жылғы 30 қыркүйекте Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды. 2012 жылдың 20 қаңтарында – Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрі болып тағайындалды. 2012 жылдың 24 қыркүйегінен бастап – «Нұр-Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет етті. 2013 жылдың 16 қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер- Министрінің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі болып тағайындалды. 2013 жылдың 6 қарашасында Мемлекет басшысының Жарлығымен Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары - ҚР Өңірлік даму министрі қызметінен босатылып, ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (2016-2019). Экономика ғылымдарының кандидаты (1990). 2019 жылдың 1-ші наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалады. 2019 жылдың 24 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің төрағасы болып тағайындалды. Алматы қаласыныңәкімі (28.06.2019-дан бастап).


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите два слова, показанных на изображении:*