20
ноябрь
2019
Талас ауданының құрметті азаматы Сәулембай Әбсадықұлы
Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Туған жерге туың тік" ұранымен 2019 жылдың 19 қарашасы күні Әбдір Сағынтаев атындағы орта мектепке туған елден түлеп ұшқан жазушы, ақын, журналист, тарихшы "Асыл мұра" журналының редакторы; Талас ауданының құрметті азаматы Сәулембай Әбсадықұлы келді. Жазушы өз еліне арнайы ат басын бұрып, "Үшаралым", " Туған жерге" атты кітаптарының тұсауын кесті. Тұсау кесер кешке ауылымыздың ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ. Жүсіпов қария, аудандық кітапханашылардың басшысы Ш. Жұмабекова келіп қатысты. Жазушы Сәулембай ағамыз ауылдық кітапханаға "Үшаралым" деген кітап, Үшарал аймағындағы 4 мектепке әдеби кітаптармен "Асыл мұра" журналының шығарылымдарын әкеп таратты. Біздің мектебімізге 20 әдеби кітап және "Асыл мұра" журналдарын сыйға тартты. Кеш соңы ақынға арналған құттықтаулармен ілтипатқа ұласты.



